width=
Инвестиция

Елена Бахмутова

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Кеңес Төрайымы

1983 жылы «экономист» мамандығы бойынша Алматы халық шаруашылығы институтын (НарХоз) аяқтап шығады. Сол кезден бастап, мемлекеттік және коммерциялық құрылымдардарда, түрлі лауазымдарда табысты қызмет атқарып келеді. 2001 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болып тағайындалды. 2002 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржылық қадағалау департаментін басқарды. 2004 жылы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалып, содан кейін оны басқарды.
2012 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ-на жұмысқа ауысып, Басқарма төрағасының орынбасары, Қаржы және операциялар жөніндегі басқарушы директор лауазымдарында жұмыс атқарды. 2016 жылдан бастап «Әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалады.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып жұмыс істеді және «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы ретінде қызмет атқарды.
Мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі еңбегі үшін Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен марапатталды, «Парасат» және «Кұрмет» ордендері берілді. «Астанаға 10 жыл», «Астананың 20 жылдығы» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдарының иегері атанды.

Спикердің сессиялары