Елдос Абаканов
«Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары
2007-2008 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Жастар саясаты орталығында жұмыс істеді. 2009–2011 жылдары құрылыс компаниясында сметашының көмекшісі, кейін «Қазгидромет» РМК өндірістік-техникалық басқармасында жетекші инженер болды. 2012 жылы «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ-ның бас менеджері болды. 2015–2016 жылдары «Жасыл экономика және G-Global дамыту коалициясы» ЗТҰ-ның жоба менеджері болып жұмыс істеді. 2017 жылдың желтоқсанында «Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы» ЗТҰ Басқарма төрағасының орынбасары болды. 2021 жылдың қаңтарында VII-шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің мүшесі болды. Ол электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлеу бойынша бастамашылардың бірі және жұмыс тобының мүшесі болды (2024 жылы шілдеде қабылданған).
2023 жылдың сәуірінен бастап – «Электр энергетикасын және энергия үнемдеуді дамыту институты» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары. Елдос энергия үнемдеу, жасыл экономика және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша АҚШ-та, Еуропа елдерінде және ТМД елдерінде тәлім алып, біліктілігін арттырды. «Ерен еңбегі үшін», «Экология саласының үздігі», «Қазақстан Республикасы экология саласына 30 жыл», «Энергия үндеу саласының қосқан үлесі үшін» медальдарымен марапатталған.