1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Джули Монако

Citigroup инвестициялық және корпоративтік банкінің Үкімет және мемлекеттік сектор жаһандық блогының басшысы

Джули үкіметтер мен мемлекеттік сектор клиенттеріне Citigroup банк қызметтерін көрсету саласына жауап береді. Джулидің командасы орталық банктер, министрліктер, өңірлік билік органдары, халықаралық ұйымдар, даму банктері, бүкіл әлемдегі үкіметтік емес және білім беру ұйымдарымен жұмыс жасайды, команда капиталды тарту мен консультациялар беруден бастап, операциялық қызмет көрсету мен клиенттерді сәйкестендіру және қылмыстық жолмен түскен кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету бойынша қадағалау талаптарын қамтамасыз етуге дейінгі қызметтердің кең түрін қамтиды.  
Қазіргі тағайындауға дейін, Джули Citigroup-тың АҚШ пен Канададағы транзакциялық бизнесін басқарды. Ол трансұлттық компанияларға, банктер мен мемлекеттік сектор клиенттеріне ақша қаражатын және инвестицияларды басқару мен сауда қызметін қаржыландыруға жауапты болды. 
2018 жылы Джули қатарынан тоғызыншы жыл American Banker журналының «Қаржы саласындағы ең беделді 25 әйел» рейтингісіне енді. 2019 жылы ол Crain баспасының «Банк және қаржы саласындағы әйелдер» рейтингісіне жоғарғы орын алды. 2010 жылы Treasury & Risk журналы Джулиді «Қаржы саласындағы 100 ең беделді адам» қатарына қосты. Джули кәсіби біліктілігі мен қоғамдық қызметі үшін Нью-Йорк христиан қауымдастығының Әйел көшбасшылары академиясының құрметіне ие болды.
Джули Citi Women's Network атты кеңсе ортасындағы әйелдер теңдігін қамтамасыз етуші бастамашыл топтың белсенді мүшесі. Әр түрлі жылдары ол АҚШ-тың Junior Achievement компаниясының директорлар кеңесіне жетекшілік етіп, Prep for Prep Қамқоршылар Кеңесінің мүшесі болды. Джули Дж. Вашингтон Университетінің Эллиот Халықаралық қатынастар мектебінің Консультативтік Кеңесі Төрағасының орынбасары және BCIU және Американды-Индонезиялық сауда палатасы директорлар кеңесінің мүшесі.
Джули – әйелдердің кәсіби даумы мен Дүниежүзілік банктің миссиясына қосқан үлесі үшін 2018 жылғы MIGA сыйлығының лауреаты атанды. Бұрын Джули Дүниежүзілік банктің инфраструктуралық қорының тең төрағасы қызметін атқарды. Джулидің беделі арқасында Citi Дүниежүзілік экономикалық форумның этикалық әдептің сақталуы әлемдік экономиканың тұрақтылығы мен ашықтығына қол жеткізуге атсалысатын «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әріптестік» (PACI) бастамасына қатысуға шақырылған алғашқы банк болды.
Джули 34 жыл бойы қаржы саласында қызмет атқарып келеді. 2007 жылы Citi-ға келмес бұрын, ол алты жыл бойы JPMorgan Chase-тің транзакциялық бизнесінің жоғарғы лауазымдарында қызмет атқарып, Deutsche Bank және Bankers Trust банктерінің транзакциялық қызметтер мен саудалық қаржыландыру бөлімдерінде жұмыс істеді. Джули Нью-Йорк университетінің бизнесті басқару саласындағы магистр дәрежесін және Вашингтон университетінің халықаралық қатынастар бакалавр дәрежесінің иегері.
 

VK
TG
WA