
Досбол Бекмағамбетов
Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар вице-министрі
Досбол Бекмағамбетов Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Е. А. Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетін, Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін бітірді.
Еңбек жолын 2007 жылы Қарағанды облысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Департаментінің еңбек туралы заңнаманы бақылау бөлімінің бас маманының м.а. ретінде бастады. 2007-2012 жылдар аралығында Қарағанды қаласының Нұра ауданында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарды, 2012 жылы Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
2016-2017 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінде сарапшы, ал 2017-2019 жылдары — су қорын мемлекеттік бақылау және қорғау бөлімінің бас маманы; ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2019 жылдан 2021 жылға дейін ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясының басшының орынбасары, басшысы болып жұмыс істеді.
2021 жылғы сәуірден 2023 жылғы ақпанға дейін ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары болды, 2023 жылғы ақпаннан бастап ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды.