1 - 4 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1 - 4 шілде 2019

Доктор Стефан Григолли

ХТО Төрешілері мен Медиаторлары Панелінің мүшесі

Стефан Григолли Германия мен Италияның адвокаттар алқасына қабылданған, сондай-ақ сертификатталған адвокат – халықаралық құқық бойынша маман. Көптеген жылдар бойы итальяндық және неміс заң фирмаларында жұмыс істеген, Италия мен Германия арасындағы қарым-қатынасқа қатысты түрлі тақырыптардағы көптеген процестерді жүргізген, бірнеше жарияланымдардың авторы болып табылады. Италия-Германия қарым-қатынастары мәселесінде үлкен тәжірибесі бар. 
Сонымен бірге Италиядағы Заңгерлердің итальяндық-германиялық қауымдастығының, Миландағы итальяндық-германиялық жас менеджерлері қауымдастығының Президенті, Миландағы Итальяндық-германиялық сауда палатасының мүшесі және Франкфурттағы Италия Сауда палатасының Германиямен ынтымақтастық жөніндегі комитетінің Қамқоршылар кеңесінің мүшесі. Миландағы Итальяндық-германиялық сауда палатасының төрешілер мен медиаторларының ресми тізіліміне кіреді.

VK
TG
WA