width=
Юрисдикция және реттеу

Данияр Темірбаев

Қазақстан Миноритарлық акционерлер қауымдастығының (QAMS) атқарушы директоры

1998 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің заң факультетін бітірді.

Еңбек жолын 1996 жылы «Ақмола» сауда биржасының сараптамалық-талдамалық бөлімінің маманы болып бастады.

Әр жылдары іскерлік масс-медиаларда (мамандығы – экономика және қаржы) жұмыс істеді: «Интерфакс-Қазақстан» агенттігі (1999-2007 жж.), «Аргус Медиа» бағалық мұнай агенттігі (2007-2008 жж.),  «ҚазТАГ» ІІМ (2008-2010 жж.). 2012 жылдан 2014 жылдар аралығында «Халықтық IPO» үкіметтік бағдарламасы ақпараттық порталының бас редакторы.

2014 жылғы ақпаннан 2019 жылғы тамыз аралығында «Қазақстан Даму Банкі» АҚ Басқармасы төрағасының кеңесшісі лауазымын атқарды.

2019 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақыт аралығында Қазақстан миноритарлық акционерлер қауымдастығының («Qazaq Association of Minority Shareholders (QAMS)» Non-Profit Organisation) атқарушы директоры (тең құрылтайшы).

Спикердің сөздері