width=
ХТО: Арбитраж саласындағы әйелдер күні

Цзюэ Цзюнь Лу

Заң қызметі мәселелері жөніндегі директор, DLA Piper (Ұлыбритания/Қытай)

Цзюэ Цзюнь Лу – Англия мен Уэльсте солиситор-адвокат. Халықаралық төрелік және күрделі трансшекаралық дауларды шешу бойынша 15 жылға жуық жұмыс тәжірибесі бар.

Шанхай тумасы Цзюэ Цзюньнің Қытайға қатысты дауларды шешудегі тәжірибесі ерекше. Legal 500 журналы оны халықаралық төрелік саласында “Жарқырап келе жатқан жұлдыз” деп атады, сонымен қатар ол “Бір белдеу, бір жол” бастамасы аясында Халықаралық сауда палатасы комиссиясының елшісі болды.

Цзюэ Цзюнь Лондон, Париж, Дубай, Сингапур, Гонконг және Бейжіңде өткен халықаралық төрелік талқылауларға қатысты және барлық ірі халықаралық төрелік мекемелердің регламенттеріне сәйкес әрекет етті. Азиялық, африкалық және кейбір оффшорлық юрисдикциялармен байланысты күрделі істерде өз сенім білдірушілерінің мүдделерін сәтті қорғай отырып, ол бірнеше юрисдикция арасындағы дауларды шешуде үлкен тәжірибеге ие болды.

Цзюэ Цзюнь әртүрлі секторларда, соның ішінде энергетика және табиғи ресурстар, инфрақұрылым, халықаралық сауда, қаржылық қызметтер, телекоммуникация, технологиялар, авиация, аэроғарыш өнеркәсібі және қорғаныс салаларында туындайтын даулар бойынша консультация жүргізеді. Ол қытай тілінде сөйлейтін тәжірибелі ағылшын заңгері және арбитр ретінде сирек кездесетін біліктілікке ие болып қана қоймайды, сонымен қатар Natwest bank Plc және ExxonMobil компанияларында жинаған айтарлықтай тәжірибеге ие.

Спикердің сессиялары