Альбрехт Конрад
ЕАДБ Орнықты даму дирекциясының басқарушы директоры, басшысы
Конрад Альбрехт – орнықты даму саласындағы әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі. ЕАДБ-ге келмес бұрын, Конрад Альбрехт MSCI-да Латын Америкасы бойынша ESG индекстері, бизнесті дамыту және стратегия бөлімін басқарды, онда ол компанияның бизнес-процестерін табысты трансформациялады, бұл компанияға индекстердің, ESG-деректердің және институционалдық инвесторларға арналған зерттеу шешімдерінің басты жеткізушісі тұғырын басуға мүмкіндік берді. Бұрын Конрад Латын Америкасының ең ірі жеке банкі Itaú Unibanco-да активтерді басқару саласында жұмыс істеді, онда ол бразилиялық және латынамерикалық мультиактивтерге мамандана отырып, жаһандық клиенттік активтердің өсуіне жәрдемдесті, сондай-ақ тәуекелдерді басқару, инвестициялық және жеке банк қызметтері салаларында бірқатар қызметтер атқарды. Конрад Альбрехт Рио-Гранди-ду-Сул Федералды университетінде Капитал нарықтары саласында МВА және Рио-Гранди-ду-Сул Папа католиктік университетінде бакалавр дәрежесін алды. Ол Бразилияда CFA ESG Investing және CFP сертификаттарына ие.