IAC Chambers

IAC Chambers

IAC Chambers – дауларды офлайн және онлайн шешу бойынша әлемдік деңгейдегі құрама қызметтер ұсынылатын АХҚО соты мен Халықаралық төрелік орталығының жаңа бастамасы.IAC Chambers әлемдегі ең үздік дау шешу орталықтарының үлгісі бойынша, атап айтқанда, Сингапурдағы Maxwell Chambers және Лондондағы дауларды шешудің халықаралық орталығының негізінде құрылған Еуразия бойынша тұңғыш рет ашылған орталық.

IAC Chambers АХҚО Соты мен ХТО алаңында, Нұр-Сұлтан Халықаралық әуежайынан небәрі 15 минуттық жерде орналасқан, және дауларды шешу барысында заңгерлер мен компаниялардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін кәсіби мамандардың қолдауымен әлемдік деңгейдегі арнайы бейімделген және дербестендірілген қызметтері бар қауіпсіз және сенімді орталық болып табылады.

IAC Chambers ішінде сандық құралдармен жабдықталған сот және төрелік отырысы залдары, сыйымдылығы 100 орынға дейін жететін дәріс залы, 7 конференц-зал және бизнес-лаундж бар.Барлық конференц-залдар 20 және одан да көп адамға арналған, және жоғары жылдамдықты Wi-Fi, бейне және аудио конференц-байланыс, проектор мен экран, тақта мен флипчарт, онлайн және гибридті отырыстар кезінде қолдау көрсетумен, e-Justice цифрлық сот ісін жүргізу платформасымен, құқықтық онлайн базаға қол жеткізумен, құжаттарды басып шығару және қауіпсіз сақтау орнымен, ауызша және жазбаша, нақты уақыт режиміндегі аудармамен, транскрипция және нотариус қызметтерімен, кейтеринг, 5* қонақ үйлерге жеңілдіктермен, авиабилеттерді брондау, трансфер, Қазақстанға кіру үшін визалық қолдау және "Explore Nur-Sultan" экскурсиялық қолдауымен жабдықталған.

Gulnaz Tukhtamova - Chief Operating Officer

+77012224344, +7 (7172) 647248