Жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Online Astana Finance Days-тің тіркеу нысанына жеке деректерді енгізген кезде пайдаланушы өз еркімен және өз мүддесі үшін Online Astana Finance Days Ұйымдастыру комитетіне (бұдан әрі – «Ұйымдастыру комитеті») тіркеу кезінде көрсетілген өзінің жеке деректерін жинауға және өңдеуге мынадай шарттармен келісім береді:Жеке деректерді өңдеу тәсілі автоматтандырылған.

Мынадай жеке деректерді өңдеуге келісім беріледі: тегі, аты, тұрғылықты елі, телефон нөмірі, жұмыс орны, лауазымы туралы мәліметтер, фотосурет.Өңдеу барысында жеке деректермен мынадай іс-әрекеттер жасалатын болады: деректерді жинау, жазу, тексеру, жүйелеу, жинақтау, сақтау, нақтылау (жаңарту, өзгерту), алып шығу, пайдалану, беру (тарату, ұсыну, қолжетімділік), иесіздендіру, бұғаттау, алып тастау, жою.

Жеке деректерді үшінші тұлғаларға беру пайдаланушының келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіп негізінде жүзеге асырылады. Осы келісім мерзімсіз қолданылады және пайдаланушы оны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес

Ұйымдастыру комитетіне жазбаша хабарлама жіберу арқылы кері қайтарып ала алады. Ұйымдастыру комитеті осы келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтініш алынған күннен бастап жеке деректерді өңдеуді тоқтатады және оларды 1 (бір) айдың ішінде немесе осы келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтініш болмаған кезде, қолданыстағы заңнамада көзделген мерзімде жояды. Ұйымдастыру комитеті жеке деректерді өңдеуге келісімді кері қайтарып алу жөніндегі өтінішті алған кезден бастап бір мезгілде Іс-шарада қатысу құқығы да тоқтатылады.