3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

Визалық қолдау

Құрметті Astana Finance Days қонағы,

Назар аударыңыз, Қазақстан Республикасымен визасыз режим туралы келісім жасасқан елдердің азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында қысқа мерзімді іскерлік мақсаттар бойынша белгіленген мерзім бойы визасыз жүре алады (төмендегі инфографиканы қараңыз).

Сіздің еліңіз осы тізімде болмаса, Қазақстан Республикасына кіру үшін визаны ресімдеуге өтінім беруіңіз керек. Визаны алу үшін төмендегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.

1-ҚАДАМ

ВИЗАНЫ АЛУҒА ШАҚЫРУ ҚАҒАЗЫ

Қазақстан Республикасына кіруге арналған визалар, Қазақстан Республикасына кірудің болжалды күніне дейін 14 күннен кешіктірмей және ерте дегенде 90 күнтізбелік күн бұрын шақырушы тарап ресімдейтін шақыру қағазының негізінде беріледі.

Шақыру қағазын ресімдеуге қажетті құжаттар:

Шақыру қағазының нысаны (төменде жүктеп, толтыруыңызды өтінеміз);

Төлқұжаттың сканерленген көшірмесі (1-бет қана).

Сұратылған құжаттардың барлығын visa@astanafindays.org электрондық поштасына жіберуіңізді өтінеміз

2-ҚАДАМ

ВИЗАНЫ БЕРУ

Біз реттік нөмірі бар шақыру қағазыңызды алғаннан кейін, сіздің электрондық поштаңызға шақыру қағазының сканерленген көшірмесін жібереміз. Содан соң, Қазақстан Республикасының өз еліңіздегі ең жақын дипломатиялық өкілдігіне жүгінуіңіз керек (Қазақстанның шетелдегі дипломатиялық өкілдіктерінің тізімін қараңыз).

Назар аударыңыз, Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі жоқ елдердің азаматтары Қазақстанға келгеннен кейін ҚР визасын ала алады.

B1 визасын беруге қажетті құжаттар (бір реттік іскерлік виза);

Келісілген шақыру қағазы (қағаз көшірме);

Визалық сауалнама (төменде жүктеп, толтырыңыз);

Түрлі-түсті немесе ақ-қара түсті фотосурет 3,5 х 4,5 см;

Төлқұжаттың түпнұсқасы.

3-ҚАДАМ

Шетелдік азаматтың төлқұжатын тіркеу

Тіркеу ережелері:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өткен күннен бастап Қазақстан аумағында 5 күнтізбелік күннен артық уақыт бойы болғысы келетін шетелдік азаматтар, тұратын мейманханасында немесе АХҚО Экспат-орталығында 3 күнтізбелік күннің ішінде тіркелуге міндетті.

Кеш тіркелу, әсіресе шекарада елден кету кезінде әкімшілік бұзушылық болып саналуы мүмкін.

Шетелдік азамат Қазақстан аумағында 5 күнтізбелік күннен аз уақыт бойы болғысы келсе, онда тіркелудің қажеті жоқ.

Тізбеге сәйкес ҚР-мен визасыз режимі бар елдердің (қараңыз) немесе оңайлатылған визасыз режимі бар елдердің (қараңыз) шетелдік азаматтары Астана мен Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде тіркеуден өтеді.

АХҚО Экспат-орталығының байланыс ақпараты

Мекенжайы: 29/1, N1.1 (Сауран көш., 48), Конгресс кеңсесі, Астана, Қазақстан 010000

Телефоны: +7 702 204 25 77

Қосалқы телефон: +7 7172 64 72 41

Эл. мекенжайы: visa@astanafindays.org

Invitation form

Simplified visa regime

The list of diplomatic missions of Kazakhstan abroad

Visa application form

Visa-free regime