3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

АХҚО құқықтық мәселелері жөніндегі конференциясы

* Арнайы шақыру талап ететін іс-шара

Astana Finance Days бағдарламасы.

4 шілде 2018
Назарбаев орталығы, Бөкейхан к-сі, 1
Ұйымдастырушылар: АХҚО Соты, ҚР Тұңғыш Президенті қоры

2018 жылдың 4 шілдесінде, Астана қ. сағат 13:00-де Назарбаев орталығында 2018 жылғы «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) ресми тұсаукесері шеңберінде «AIFC LawConference» атты АХҚО құқықтық мәселелері жөніндегі конференциясы өткізілетін болады.

Аталған Конференцияның негізгі мақсаты АХҚО Соты және АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының (ХАО) қызметтерін жариялау, сондай-ақ дауларды шешу саласындағы заманауи мәселелерді талқылау үшін ашық алаңды орнату болып табылады. Бұдан басқа, панелдік сессияларда қатысушылар өздерін қызықтырып отырған сұрақтарға қажетті жауаптарды алуға және тәжірибелермен алмасуға кең мүмкіндік береді.

Конференцияның бағдарламасы АХҚО қызметі саласындағы заманауи мәселелерді, соның ішінде АХҚО-да дауларды шешуге және АХҚО-ның қолданыстағы құқығына қатысты мәселелерді қамтитын болады. Демек, панельдік сессияларда мынадай мәселелер талқыланатын болады:

  • АХҚО Сотының қызметі;
  • АХҚО Халықаралық арбитраж орталығында дауларды шешудің альтернативті жолы;
  • Англия және Уэльс құқығының принциптеріне, нормаларына және прецеденттеріне, сондай-ақ озық халықаралық қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген АХҚО-ның қолданыстағы құқығы.

Бұл мәселелерді Конференция қатысушыларына юриспруденция саласында айрықша жетістіктерге жеткен тұлғалар таныстыратын болады, олар: Лорд Вульф (АХҚО Сотының төрағасы), Барбара Доман (АХҚО Халықаралық арбитраж орталығының төрағасы), Майкл Блэр (АХҚО Құқықтық консультациялық кеңестің төрағасы), Игорь Рогов (Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры атқарушы директор орынбасары)және т.б. тұлғалар. Бұған қоса, осы Конференцияға заң саласындағы шетелдің мемлекеттік қызметкерлерін, шетел дипломаттарын, сондай-ақ халықаралық сот және арбитраж орталықтарының, халықаралық компаниялар мен қаржы орталықтарының, жетекші заң компаниялар мен университеттердің өкілдерін, профессорлар мен заңгерлерді шақыру көзделіп отыр.