1-6 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1-6 шілде 2019

Біз туралы

“Астана” халықаралық қаржы орталығы жалпы құқық пен халықаралық тәжірибе негізінде жұмыс істейтін өңірдегі жалғыз тұғырнама бола отырып, инвесторлар мен компаниялар үшін жаңа есік ашады.
Fintech Sandbox-пен бірге жаңа реттеуші режимді іске қосу Астанада инновациялық қаржы құралдарын енгізу кезінде бірқатар артықшылықтар береді. Өңірде ислам қаржысына сұраныстың артуы, арнайы реттеу және ислам қаржысының үздің сараптамасы Қазақстанда, Орталық Азяда, Кавказда және Ресейдің кей бөліктерінде индустрияның дамуына негіз болмақ.
Астана, сонымен қатар “Бір белдеу - бір жол” бастамасы үшін маңызды халықаралық хабқа айналуда. Қазақстан бағдарламаның басты үш серіктесінің бірі ретінде жарияланып, “Нұрлы жол” президенттік бағдарламасы аясында өңірлік инфрақұрылымның дамуына қолдау көрсетуде. Бүгінде АХҚО Биржасы, Шанхай қор биржасы, Nasdaq, Silk Road Fund және Goldman Sachs-тың серіктесі атана отырып, корпоративті басқарудың үздік стандарттары мен мультивалюталық айырбастың тұғырнамасын ұсынатын “Бір белдеу - бір жолдың” маңызды институты болып табылады. Осылайша, қаржы инфрақұрылымы физикалық және сандық инфрақұрылымды қоса алғанда, дамудың жоғары әлеуетіне ие жаңа салаға айналып отыр.
Қаржы нарығын шоғырландыру және Астананы жаһандық қаржы желісіне қосу шетел инвестициялары үшін бұрын-соңды қолданыста болмаған нарыққа жол ашады. Қазақстан мен Орталық Азиядағы энергетика, өңдеуші және ауылшаруашылық салалар жоғары қайтарымды қамтамасыз етумен қатар, позитивті әлеуметтік әсерлерге: жаңа жұмыс орындарына, өңірлік қалалардың дамуына кепіл береді. Сонымен қатар жауапкершілікті қаржыландыруды есте сақтаған абзал: жаңа инвестициялар тұрақты дамуға қолдау көрсетуі тиіс.