1-6 шілде 2019 — Нұр-Сұлтан, Қазақстан

1-6 шілде 2019

Жасыл өсу форумы / GEWR`2018

Astana Finance Days бағдарламасы.

3-4 шілде
Hilton Astana: Paris Hall / Geneva Hall
Ұйымдастырушылар: АХҚО, KAZWASTE, KaukoInternational, Green Investment Group, Жасыл академиясы

Халықаралық энергетикалық агенттіктің есептеулеріне сәйкес 2015 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі Париж конференциясында келісілген 2100 жылға қарай планетаның бетіндегі орташа ауа температурасын өнеркәсіптік дәуірге дейінгі кезбен салыстырғанда 2 градус Цельсийден астам көтерілуін болдырмау мақсатын орындау кем дегенде 44 триллион АҚШ доллар жаңа инвестицияларын талап етеді.

Бұл мақсатқа жетуде капитал нарығы маңызды рөл атқарады. Олар суды тазарту, қалдықтарды басқару, жаңартылатын энергия көздері, таза тасымалдау секілді тұрақты жобаларға ауқымды инвестицияларды бағыттай алады.

Жасыл өсім форумының пікірталас алаңы жасыл жобаларды қаржыландыру облысындағы жаһандық үрдістерді талқылауға мүмкіндік береді: жасыл облигациялардың қарыз капиталы нарығының негізгіқұралы ретінде рөлі, сондай-ақ төмен көміртекті экономиканы дамытудағы халықаралық ұйымдар желілерініңжәне қаржы секторының күш-жігері.

Форумға жергілікті және шетелдік саяси топтарының, БҰҰ бағдарламаларының, халықаралық қаржы институттары, Қазақстанның қаржы секторы, даму институттары, бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінің қатысуы күтілуде.