3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

Жаһандық қаржы форумы

Astana Finance Days бағдарламасы.

3 шілде
Конгресс орталығы: New York Hall

4 шілде
Конгресс орталығы: New York Hall / London Hall
Ұйымдастырушылар: АХҚО, Бреттон-Вудсты жаңарту жөніндегі комитеті

Жаһандық қаржылардың екі күндік форумы қаржы секторын дамытудың негізгі мәселелерін талқылайды. Форумның бағдарламасына қаржы орталықтарын дамытуға, қаржы жүйесінің тұрақтылығына, капиталдың жергілікті нарықтарын дамытуға және қаржылық капиталды басқаруға арналған панельдік сессиялар сериясы кіреді. Инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландыру офисі, сондай-ақ сараптама мен үздік практикалардың маңызды орталығы ретінде Астананың Белдеу және жол бастамасына қатысуы форумның маңызды тақырыбына айналады. Төртінші өнеркәсіптік революция аясындағы жаңа экономика форум шеңберінде талқыланатын үшінші бағытқа айналмақ. Панельдік пікірталастарға қатысушылар реттегіштердің жаңа уақыт кезеңінде қандай болуы керек екенін ұсынып, криптовалюталарды қоса алғанда, қаржылық технологиялардағы әлемдік трендтерді талқылайды. Пікірталастарға қатысушылар – орталық банктердің өкілдері мен реттегіштер, академиктер, ең ірі қаржы институттарының басшылары.
Форум шеңберінде жаһандық қаржы жүйесінің тұрақтылығына арналған кітаптың таныстырылымы болады. Кітапқа форумның тиісті панельдік сессиясына қатысушылардың эсселері енгізілді.