3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

AIFC Digital Exhibition

Өткізілетін орны: Конгресс-орталық, 1 қабат, фойе
Өткізілетін күні: 2018 жылғы 3-5 шілде 

AIFC DIGITAL EXHIBITION көрмесінің аймағы қаржылық технологиялар саласындағы негізгі бастамаларды таныстыруға және көрсетуге арналған. Көрме аймағын АХҚО-ның қаржылық технологиялар стартап-экожүйесінің дамуы үшін қолайлы орта мен жағдай жасауға, қаржылық технологиялар саласындағы инновациялық шешімдерді дамыту мен енгізуге жауапты Қаржылық технологиялар хабы (AIFCFinTech Hub) ұйымдастырады.

AIFC DIGITAL EXHIBITION көрмесіне АХҚО-ның басты әріптестері және Mastercard, NASDAQ, SAP, Bittrex, R3, Accenture, Crymsonlogic, Masterchain, Waves сияқты ірі технологиялық компаниялар және басқалары қатысады.

Көрме тұжырымдамасы 4 блоктан тұрады:

  1. АХҚО-ға қатысушыларға арналған цифрлық көрсетілетін қызметтер – АХҚО қызметін автоматтандыруға және АХҚО-ға қатысушылар үшін қолайлы жағдай жасауға арналған АХҚО шеңберіндегі негізгі цифрлық бастамалар. Бұл блок мынадай жобаларды қамтиды: АХҚО-ға қатысушыларды онлайн тіркеу, АХҚО резидентінің картасы, цифрлық сот төрелігі, цифрлық биржа.
  2. Халыққа арналған цифрлық қаржылық көрсетілетін қызметтер – стартап-жобаларды, компанияларды дамыту және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың қанағаттанушылығын арттыру үшін жағдай жасауға бағытталған жобалар. Аталған блок FinTech Stars акселерациялық бағдарламасының жобаларын, қаржылық көрсетілетін қызметтердің цифрлық маркетплейсін қамтиды.
  3. Қаржылық көрсетілетін қызметтер саласындағы инновациялар – бұл қаржылық технологиялар саласындағы бүгінгі күні бүкіл әлем бойынша белсенді дамып келе жатқан бағыттар. Бұл блок блокчейн технологияларды, қаржы секторындағы машинамен оқытуды, исламдық қаржылардағы технологияларды дамыту жөніндегі бастамаларды, киберқауіпсіздікті және басқаларын қамтиды.
  4. АХҚО-ның әріптестері мен резиденттері – АХҚО резиденттерінің жобалары, өнімдері және көрсететін қызметтері.