3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

01/06/2018, 18:45

Барлық жолдар Астанаға әкеледі

Осы жылы Қазақстанның астанасы Астана қаласы өзінің 20 жылдығын атап өтеді.

Осы уақыт ішінде қала үлкен даму жолын өтті. Елбасы құрған қаланың экономикалық даму үлгісінің арқасында, қала мемлекеттік бюджетке 6,3 трлн. теңге көлемінде қаражат толтырды, салыстырмалы түрде, түсетін аударымдардың көлемі 2,3 трлн. тенгені құрайды.

20 жылдағы жалпы инвестициялардың көлемі шамамен 8 трлн. тг құрады. 2017 жылы инвестициялар көлемі рекордтық 945 млрд. теңгеге жетті, оның ішінде 200 млрд. теңге - тікелей шетелдік инвестициялар.

Қала дұрыс жолда және оның ең үлкен жетістіктері әлі де алда. Астана жаңа серпіліс жасауға дайындалып, дамып келеді.

2018 жылы қаланың болашақ дамуын анықтайтын негізгі жобалардың бірі - "Астана" халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) іске қосылды.

АХҚО инвесторлар үшін ең қолайлы жағдай жасауды көздейді: жаһандық капитал үшін түсінікті ортақ құқықтық юрисдикция, дауларды шешудің тәуелсіз жүйесі, бизнесті орнату үшін сапалы жоғары білікті қызметкерлер.

Жобаның негізгі артықшылығы, ол астанаға және барлық мемлекетке инвестицияларды тарту механизмін көрсетпейді, тек оны толықтырып нығайтады.

Шетелдік капиталдың және сарапшылардың жоғары қызығушылығы «АХҚО» жобасының болашағын растайды. Оның дамуына және өзге де өңірлік экономика тақырыбының өзекті мәселелеріне де алдағы «АСТАНА FINANCE DAYS» конференциясы арналады.

PrimeMinister.kz сайтының ақпаратына сәйкес

Photo: (c) Maxim Rozhin

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар

06/08/2018, 13:20

03/08/2018, 18:10

27/07/2018, 18:25