3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

31/05/2018, 19:19

CBonds облигациялық конгресі: инвестицияларды қалай тарту?

2018 жылы 31 мамырда Астана, ТМД және Балтық елдерінің XV облигациялық конгресі - Ресей, Украина, ТМД, Кавказ және басқа да дамушы елдердің борыштық нарығындағы мамандарды біріктіретін жыл сайынғы іс-шара басталды. Ұйымдастырушы - CBond агенттігі.

Іс-шараға Астана Халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) өкілдері, Тим Беннетт, Биржа басқармасының төрағасы (Astana International Exchange, AIX) және басқарушы директор Темірлан Мұқанбетжанов қатысты.

Тим Беннет, өз сөзінде капитал нарықтары Қазақстанның экономикалық өсуін ынталандыруда көмектеседі - деп назар аударды. «AIX рөлі өтімділікті қамтамасыз ету болып табылады, және инвесторлар келіп жергілікті компанияларға инвестициялауға мүмкіндік беріп сонымен қатар сол үшін сауда платформасын қамтамасыз ету табылады. Сонымен қатар, біз Қаржылық қызметтерді реттеу комитетімен (AFSA) бірге инвесторларға сенімділік беретін нормативтік базаны қамтамасыз етеміз. Қазақстанға инвестицияларды тарту үшін маңызды «өсу нүктесі» болып - Қытай үкіметінің «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасы табылады».

Темірлан Мұханбетжанов АХҚО платформасында тіркелген компаниялар туралы айтты: «Қазіргі уақытта 13 компания тіркеліп, 25-і тіркеуде. 13 тіркелген компаниялар - консалтингтік қызметтермен айналысатын компаниялар, олар көбіне әлеуетті қатысушыларға лицензия алуға көмектеседі. Басқа компаниялар қаржылық технологиялармен айналысады. 3-4 компания жеке тұлғалардың әл-ауқатын басқару және активтерді басқару тұрғысынан қызметтер көрсетуге бағытталған».

Конгресстің басқа да қатысушылары АХҚО-ның келешегі және оның ішкі нарықтың дамуына әсері жайлы өз пікірлерімен бөлісті. ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз алу департаментінің директоры Руслан Мейірхановтың айтуы бойынша, 2019 жылдан бастап Қаржы министрлігінің барлық орналастыруларын АХҚО биржасында жариялайтынын айтты: "Мамыр айының басында Біз АХҚО Биржасымен келісім жасастық, ол бойынша 2-3 жыл ішінде Қаржы Министрлігінің барлық жергілікті құжаттарын оның платформасына аударуды жоспарлаймыз"

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар

06/08/2018, 13:20

03/08/2018, 18:10

27/07/2018, 18:25