3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

31/05/2018, 15:21

АХҚО-ның "нөлдік бюрократиясы"

30 мамыр Астанада SAP Aорумы өтті. SAP Forum Astana - Қазақстандағы жүзден астам ақпараттық технологияларының халықаралық индустриясының кәсіпкерлерін жинайтын ең ірі бизнес-конференция. Форум барысында инновациялық тәжірбие және бизнес пен мемлекеттік қызметтердің цифрлық трансформациясының ең соңғы технологиялары талқыланды. «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығының өкілдері цифрландыру процесінде жаңа қаржы хабының көзқарасымен бөлісті.

Ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында «Астана» Халықаралық Қаржы Орталығы арнайы платформаны іске қосады, оның арқасында шетелдік инвесторлар бюрократиялық кешігулерсіз өз бизнесін жүргізе алады. Бұл туралы АХҚО ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ааре Лапынин мәлімдеді.

"Біз бизнесті жүргізу үшін "нөлдік бюрократия" ортансын құрдық, оның іске қосылуын төртінші тоқсанға жоспарлап отырмыз. Басынан бастап, бизнесмен немесе инвестор АХҚО-на келген бастапқы мақсатының істерімен айналысады: компанияны құрады, лицензиясын алады, салық органдарына есеп береді және т.б. Бұл істердің барлығы инвесторға көрінбейтін болады. Инвестор бұл істерге қолжетімді және түсінікті қызметтері бар бір қарапайым веб-сайтында қол жеткізе алады. Қалған экожүйе "Көріністің сыртында" қалады", - деді Лапынин мырза Форум аясында. Қазақстанға келіп және өз бизнесін бастайтын инвестициялық банкир үшін «нөлдік бюрократия» платформасы барлық мәселелерді шешудің қарапайым мәзірін ұсынады.

Өз кезегінде, АХҚО Chief Digital Officer Асел Жанасова (Жиенбаева) «нөлдік бюрократия» тұжырымдамасына қосымша, АХҚО Арбитраждық орталықтың, Соттың және Қаржы реттеушінің қызметіне цифрландыру жобаларын жүзеге асырылуын айтты. Сонымен бірге, АХҚО жасанды интеллекттің қауіп-қатерлерін болжайды.

“Біз тіркелу процессін, банк шотын ашу және ЖСН алу процесстерін жеңілдетеміз. Сол жағдайда Қазақстанға келгенге дейін кез-келген инвестор аталған барлық процесстерді алдын-ала жасай алады. Сот жүйесінің барлық клиенттері процеске Қазақстанға келмей-ақ виртуалды бөлме арқылы қатыса алады”, - деді Жанасова ханым.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар

06/08/2018, 13:20

03/08/2018, 18:10

27/07/2018, 18:25