3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

14/06/2018, 14:00

Кайрат Калиев: Крипто активтерінің айналымын реттеу керек

«Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры Қайрат Қалиев Астанадағы Blockchain Conference-те сөйлеген сөзінде, қаржы орталығы криптондық валюта үшін нормативтік базаны белсенді түрде дамытатынын айтты.

Қалиевтің сөзінше, қаржылық технологиялар, атап айтқанда, блок пен крипто-белсенділік, АХҚО –ның негізгі қызметі болып табылады.

«Алаяқтық, қаражатты ұрлау, заңсыз ақша аударысдарын жасау секілді жағдайларды азайту мақсатында крипто-белсенді активтердің айналымын реттеу қажет. Біз бұл үшін жаңа жоба әзірледік. Жобаны http://afsa.kz/open сайтынан көре алдасыздар. Барлықтарыңызды белсенді қатысуға шақырамыз», - деді Қалиев.

«Blockchain KZ» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушы Батырбек Омаров өз сөзінде, нарық жаңалығы заңсыз ақша аударылымдарының көбеюіне әкелетіндігін айтты.

«Нарық дамыған сайын, алаяқтар көбеюде. Бұл халыққа кері әсерін тигізіп жатыр. Қазақстанда бұл жағдай реттеледі деп ойлаймын», - деді Омаров, АХҚО өкілдеріне.

Crypviser компаниясының өкілі Вадим Адриян өз кезегінде криптовалюта нарығы үшін депозитарийдің оң тұстарын атап өтті.

«Біз АХҚО-мен серіктес болуға дайынбыз. Депозитария немесе криптобиржа құру – қауіпсіздік мәселелерінде және реттеуші нормаларда оң әсерін тигізеді. Қазіргі таңда 1700 криптовалюта бар, оның ішінде нағыз активті анықтау оңай шауа емес», - деді Адриян.

АХҚО Қазақстандағы блокчейнді дамытуға және криптовалюта нарығында белсенді жұмыс істеуде.

«Біз R3 консорциумына кірдік, Hyperledger-ге реттеуші ретінде қосылдық, біз блокчейн туралы белсенді жаттығулар,курстар өткізудеміз», - деді Калиев.

2018 жылдың 3-5 шілде аралығында өтетін, Astana Finance Days шарасы аясында «Fintech-2018» форумы жоспарлануда. Бағдарлама жоспары және тіркелу формасы ресми сайтта көрсетілген.

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар

06/08/2018, 13:20

03/08/2018, 18:10

27/07/2018, 18:25