3 шілде

Сарапшылар пандемиядан кейінгі кезеңдегі шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартудың цифрландыру тәсілін талқылады

Сарапшылар пандемиядан кейінгі кезеңдегі шетелдік инвесторларды Қазақстанға тартудың цифрландыру тәсілін талқылады

Халықаралық сарапшылар онлайн режимінде өткен «Astana Finance Days 2021» шеңберінің цифрландыру тенденцияларына арналған панельдік сессиясында жаңа жағдайдағы инвестициялық мүмкіндіктерді дамытудағы цифрландырудың рөлін талқылады. «Цифрландыру пандемиядан кейінгі кезеңдегі жаһандық ұтқырлықтың жаңа тренді ретінде» тақырыбындағы онлайн-пікірталасқа Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ, «Astana Invest» ҚИДО, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ және АХҚО өкілдері қатысты.

АХҚО Экспат Орталығының жетекшісі Айнұр Жұматова онлайн-пікірталаста пандемиядан туындаған орталықтың ішкі бизнес-процестерінің өзгерістері туралы сөз қозғады: «Клиенттерге бағытталған орталық ретінде, біз өз клиенттерімізге пандемияның әсерін цифрлық тәсілмен жеңе алу үшін бар күшімізді салдық. Бастапқы кезеңде «бір терезе» қағидаты режимінде қызмет көрсете келе, біз оны "бір реттік сапарға" қол жетімді ету үшін процестерді оңтайландырдық. Енді, цифрлық технологияларды енгізудің арқасында біздің клиенттер қызметтерді "бір рет басу" арқылы ала алады».

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы Хатшылығының кеңесшісі Минара Раханова жалпы цифрлық секторды дамыту стратегияларын және жаһанданудың болашақ контурларын жетілдіру бойынша бірлескен күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Темірғали цифрландырудың әлеуетті инвесторлар үшін зор маңыздылығын және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы Қазақстан ұсынуға дайын мүмкіндіктерді атап өтті. «Экономиканы цифрландырудың маңыздылығы даусыз. Деректерді жинау, ресурстарды басқару, тұтынушылардың тәжірибесі және мемлекеттік қызметтерге қол жетімділік сияқты негізгі артықшылықтардан басқа, цифрландыру экономикаға екінші деңгейде оң әсерін тигізеді, мысалы, адам капиталын тез дамыту, жұмыссыздық деңгейін төмендету және көптеген елдердегі өнімділікті арттыру» - деп атап өтті.

Тағы бір маңызды мәселе - бұл экономиканың барлық аспектілерінде цифрлық тәсілді дамытудағы мемлекеттің рөлі, бұл Қазақстанның IT саласының дамуына толық және барлық жерде ықпал етеді. Осылайша, «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» Басқарма Төрағасы орынбасарының айтуынша, олардың жұмысының негізгі нәтижелерінің бірі «электрондық үкіметтің» дамуы болды, бұл БҰҰ-ның «электрондық үкіметке» дайындық рейтингінде және АКТ-білімін дамытудағы секірісті қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, білім беру тақырыбын АХҚО Заң академиясының басшысы Дэвид Галло жалғастырды, ол пандемияның оң салдарлары: аудиторияның кеңірек қамтылуы, қатысушылардың көбеюі, жеңілдетілген логистика және ұсынылатын қызметтердің ұтқырлығы туралы бөлісті.

Қазіргі жағдайда бизнес-процестер өзгеруде, цифрландыру барлық қызмет салаларында, соның ішінде денсаулық сақтау, білім беру, экономика, бизнесті дамыту, оның ішінде ұтқырлықты қоса алғанда жоғары деңгейлі басымдыққа ие болуда. АХҚО өз кезегінде, бизнес-қоғамдастықтың мүдделерін қорғап, жоғары деңгейде қызмет көрсету бойынша барлық мүмкін шараларды ескере отырып, бизнесті жалғастыру үшін өзінің жетілдірілген жүйесі мен инфрақұрылымын қолдана отырып, Қазақстандағы республикалық даму жобаларына өз үлесін қосуға тырысады, осылайша іскерлік орта мен инвестициялық ахуалдың келісімді үйлесуіне әсер етеді.

Анықтамалық ақпарат: АХҚО.

Астана Халықаралық Қаржы Орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. «АХҚО туралы» конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық қызмет көрсету орталығын құру. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпал ету, қаржылық қызметтер саласына инвестиция тарту үшін тартымды жағдай жасау, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады.

www.aifc.kz

АХҚО Экспат Орталығы (АЭО). Шетелдік сарапшылар мен инвесторларға ағылшын тілінде «бір терезе» қағидаты негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес қызметтердің кең спектрі ұсынылатын бірегей платформа. АЭО негізгі міндеті шетелдіктің кіру және болуы үшін қолайлы жағдайлар жасау және қамтамасыз ету, сондай-ақ шетелдік сарапшылар мен инвесторларды қазақстандық қоғам мен бизнес қауымдастыққа интеграциялау болып табылады. https://expatcentre.aifc.kz/