3-5 шілде 2018 — Астана, Қазақстан

3-5 шілде 2018

05/06/2018, 18:20

AIFC Daily: әлемдік және қазақстандық БАҚ бір күндік ең маңызды жаңалықтары

RU: Finprom.kz: Қазақстан мен Қытай арасындағы интеграциялық үдеріс жаңа деңгейге шықты: екі ел ортасындағы тауар айналымы үштен бір есе өскен

2017 жылы жалпы инвестициялар түсімі 1 миллиардқа жетеғабыл соманы құрады; 2018 жылдың 5 айы ішінде екі ел арасында 8 келісім бекітілген.

2017 жылғы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 10,5 млрд АҚШ долларына тең, бұл одан бір жыл бұрынғы көрсеткішке қарағанда 32,6%-ға (2,6 млрд АҚШ доллары) артық. Ал Қазақстанның 2017 жылғы жалпы тауар айналымы 77,7 млрд АҚШ долларын құрады (одан бір жыл бұрын 62,1 млрд АҚШ доллары еді). Қытайдың үлесі – 13,5%.

Интеграциялық үдерістер АХҚО қызметімен де тығыз байланысты. Астана халықаралық қаржы орталығының аясында Қытай тарабы бірыңғай биржа кеңістігін құруға және АХҚО биржасына капитал тартуға (AIX) белсенді түрді қатысуда. Қойылған мақсаттарға жету үшін Шанхай қор биржасы АХҚО биржасының стратегиялық серіктесі және акционері (үлесі – 25%) атанып отыр.

Қаржы орталығы мен қытайлық қаржы институттары арасында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумдарға қол қойылған. Қытайдың Мемлекеттік даму банкі өкілдігі өзге халықаралық 13 компаниямен бірге АХҚО-ға тіркеліп қойды. (finprom.kz)

EN: АХҚО Қазақстанда шетелдік инвестицияларды жылдамдатуды жоспарлап отыр

«Біз бизнесті жүргізу үшін «нөлдік бюрократияның» ортасын құрдық. Ең басынан бастап, бизнесмен, инвестор АХҚО-ға кіретін заттармен айналысатын болады: компанияны құру, лицензия алу, салық органдарына есеп беру және тағы басқалар, бұл барлық жұмыс әлеуетті инвесторға көрінбейді. Инвесторға қол жетімді және түсінікті қызметтері бар бір қарапайым сайт ұсынылады. «Сахна артындағы» іс-әрекеттер - бүкіл экожүйені құрайды, - дейді АХҚО ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Ааре Лапонин. (astanatimes.com)

 

RU: Германияда қазақ-неміс инвестфорумы өтті

Форум барысында «KAZAKH INVEST» басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев шетелдік инвесторларды қолдаудың қолданыстағы механизмдері туралы айтып берді. Бұл механизмдердің қатарында АХҚО қаржы құралдарының ауқымды спектрі арқылы қолдау да бар. «KAZAKH INVEST» ақпараты бойынша, қазіргі уақытта Қазақстанда жұмыс істейтін әлемдік компаниялар 500 миллионнан асатын адамы бар нарыққа шыға алады. Қазақстан арқылы құрамына халықаралық 5 теміржол және 6 автокөлік бағыты, оның ішінде заманауи «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трансқұрлықтық автомагистралі кіретін мультимодальды Еуразиялық көлік дәлізі өтеді. (inform.kz)

VK
TG
WA

Басқа жаңалықтар

06/08/2018, 13:20

03/08/2018, 18:10

27/07/2018, 18:25