2 шілде

АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының нәтижелерін ұсынады

Құрметті БАҚ өкілдері,

АХҚО Соты мен Халықаралық төрелік орталығы (ХТО) сіздерді 2 шілде, жұма күні сағат 11: 00-де өтетін онлайн-брифингке шақырады.

АХҚО Соты мен ХТО өз жұмысын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастады. Бүгінгі күні АХҚО Соты мен ХТО 520-дан астам істі қарады, оның ішінде сот шешімдері, төрелік және медиация шешімдері. Барлық сот шешімдері Қазақстанда 100% орындалады. АХҚО Сотының және ХТО-ның басты артықшылығы - олардың тәуелсіздігі, икемділігі, экономикалық тиімділігі, қол жетімділігі және компаниялардың қажеттіліктеріне жауап беру қабілеттілігі.

Брифинг барысында журналистер АХҚО Сотының және ХТО-ның Тіркеушісі және аппарат басшысына Кристофер Кэмпбелл-Холтқа нәтижелер мен болашаққа арналған жоспарлар туралы сұрақтар қою мүмкіндігіне ие болады.

Брифингтің негізгі бағыттары:

• 2021 жылдың 6 айындағы АХҚО Соты мен ХТО жұмысының нәтижелері;

• ҚР Жоғарғы Сотынан істерді беру;

• Болашақ жоспарлар және жаңа қызметтерді іске қосу.

Модератор: Асель Турманова, Байланыс және іс-шараларды басқару жөніндегі директор, АХҚО Соты мен ХТО

Спикер: Кристофер Кэмпбелл-Холт, Тіркеуші және аппарат басшысы, АХҚО Соты мен ХТО.

Тіл: Ағылшын, қазақша және орысша аудармасымен.

Баспасөз брифингіне қосылу үшін төмендегі сілтемені басыңыз: https://zoom.us/j/94000667025?pwd=bEdtRXI0QWRjVmVkdXoyWStNRWtpUT09

Код: 123456

АХҚО Соты мен ХТО 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмысының нәтижелерін ұсынады