Aiteke Bi Hall (C3.1, Mangilik Yel 55/16)

10:30-11:30

АХҚО Соты және ХТО: Еуразиядағы дауларды тиімді және инновациялық жолмен шешудің жетекші орталықтары

Юрисдикция және реттеу

Сипаттама

АХҚО соты мен ХТО өз қызметін 2018 жылдың 1 қаңтарында бастады. Содан бері АХҚО соты мен ХТО едәуір көлемде істер қарады және тиімділік пен инновацияларды арттыру үшін жетілдірудің тұрақты бағдарламасын енгізуді жалғастыруда, сондай-ақ коммерциялық дауларды шешудің пайдаланушылар үшін барынша заманауи және ыңғайлы халықаралық стандартын қамтамасыз етуде.

Осы сессия барысында қатысушылар ХТО Төрағасынан және АХҚО соты мен ХТО Тіркеушісінен АХҚО соты мен ХТО-ның одан әрі өсуін қамтамасыз ететін дәлелденген тиімділік пен инновациялар туралы және заңның үстемдігіне бейіл жаһандық стандарт ретіндегі коммерциялық дауларды шешу бойынша әлемдік деңгейдегі қызметтер көрсету туралы еститін болады. Сессияда сонымен қатар АХҚО соты мен ХТО күнделікті практикалық деңгейде қалай жұмыс істейтіні туралы бірегей ақпарат беріледі.