Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі
Экономикалық күрделілік және әртараптандыру: Гарвард университетінің жанындағы Қазақстан бойынша Өсу зертханасының есебі
Гарвард университетінің жанындағы Өсу зертханасы мен АХҚО экспорттық және инвестициялық перспективаларды, сондай-ақ ғылыми тәсілге сүйене отырып, экономиканың өсуі мен экспортты әртараптандыру үшін бірқатар ұсынымдарды анықтау мақсатында Қазақстанның экономикасы мен экспортының күрделілігі жөнінде зерттеу жүргізді.
Тауарлардың күрделілігі тұрғысынан Қазақстанның экспорттық себетіне талдау жасалды және осы талдаудың негізінде ұқсас өндірістік мүмкіндіктері бар Қазақстан өңірлері макроөңірлерге біріктірілді, олардың әрқайсысы үшін Қазақстан экспортын әртараптандыруға ықпал етуі тиіс деп ұсынылған тауар топтарының тізімі жасалды.
Зерттеу нәтижелерінің таныстырылымы әдістеме мен тәсілдің қысқаша сипаттамасын, макроөңірлерді қалыптастыру уәждемесін, инвестициялық мүмкіндіктерді айқындау кезінде ескерілген көрсеткіштерді, Қазақстан экономикасының күрделілігін арттыруға ықпал етуі тиіс макроөңірлердің әрқайсысы үшін тауарлық ұсынымдарды қамтитын болады.