AFD 2024 күн тәртібі

Нақты активтердің токенизациясы

06.09.2024
14:00-15:00
Инновация
Astana Hall C3.4

Нақты активтердің токенизациясы

Нақты активтердің токенизациясы физикалық және цифрлық активтерге меншік құқығын блокчейн негізіндегі цифрлық токендерге түрлендіруді білдіреді. Бұл инновациялық процесс инвестицияларға қолжетімділікті анағұрлым демократияшыл етіп, бұрын тек ауқатты немесе институционалдық инвесторлар үшін ғана арналған активтер нарықтарына көбірек қатысуды қамтамамсыз етеді. Ол дәстүрлі өтімді емес активтер (мысалы, жылжымайтын мүлік немесе өнер туындылары) нарықтарындағы өтімділікті арттырып, бөлшек иеленуге мүмкіндік береді және айырбасты жеңілдетеді. Токенизация сондай-ақ ашықтық пен қауіпсіздікті арттырады, өйткені блокчейн технологиясы меншік құқығы мен транзакциялар туралы өзгермейтін жазбалар жасайды. Сонымен қатар, транзакция жасау процесін жеңілдетіп, делдалдардың қажеттілігін азайтады және транзакциялардың құнын әлеуетті төмендетеді, уақытын қысқартады. Сайып келгенде, токенизация инвестициялау, активтерді иелену және саудалау тәсілдерін өзгерте алады, бұл оны қаржы секторындағы ең маңызды әзірлемее етеді.

Модератор
Бинұр Жәленов
Раджат Сакуджа
Арнаб Наскар
Хуан Карлос Рейес
Афина Миао
Толығырақ