Мен Astana Finance Days 2021 қатысушысы болдым. Алдыңғы аккаунтымды пайдалана аламын ба?
Егер сіз былтырғы AFD2021-де, e-Residence порталында немесе AFINA мобильді қосымшасында тіркелген болсаңыз, сайтқа кіру үшін сол есептік деректерді пайдаланыңыз.
Аккаунтымның құпия сөзін қалай қалпына келтіруге болады?
Ескі құпия сөзді қалпына келтіру үшін «Кіру» түймесін басып, «Құпия сөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басу керек. Тіркеу кезінде көрсетілген электрондық поштаңызға жаңа құпия сөзді жасау сілтемесі жыберіледі.
Қатысушы бейджін қалай алуға болады?
Қатысушының бейджін жеке өзіңіз келіп (жеке кабинетте көрсетілген жеке басты куәландыратын құжатты ұсыну арқылы немесе сенімхат/хат негізінде әрекет ететін үшінші тұлға арқылы) ала аласыз. Бейдждер 24 маусымнан бастап Мәңгілік Ел 55/22 (АХҚО, С4.3 блогы) мекенжайында орналасқан AFD Аккредиттеу орталығында беріледі. AFD 2022 өтетін орындарға кіру тек аккредитациялық бейдж болған жағдайда ғана мүмкін болады. AFD алаңында болатын бүкіл уақыт бойы қатысушы бейджі мен жеке басты куәландыратын құжат (төлқұжат) өзіңізбен бірге болуы тиіс. Бейджге аты-жөніңіз жазылады, оны үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
Конференция қай форматта өтеді?
Конференция гибридті форматта, яғни онлайн және оффлайн қатысу мүмкіндігімен өтеді. Сессия форматы конференция бағдарламасында көрсетіледі.
Бүкіл конференцияға қатысушы ретінде тіркелгеннен кейін әр сессияға жеке тіркелу керек пе?
Жоқ, конференцияға тіркелу кезінде қатысушы конференцияның барлық онлайн-сессияларына қатыса алады.
Will conference sessions be recorded?
Иә, конференцияға тіркелген қатысушылар үшін сессия жазбалары веб-сайтта қолжетімді болады.
Конференцияға онлайн қатысу үшін не қажет?
Онлайн қатысу үшін сайтқа тіркелу, сондай-ақ тұрақты қосулы болатын интернет қажет.
Спикерлердің презентациялары іс-шарадан кейін қолжетімді бола ма?
Спикерлердің презентациялары конференциядан кейін сайтта қолжетімді болады. Назар аударыңыз: презентациялар спикерлердің келісімімен орналастырылады.
Қалай конференцияның демеушісі атануға болуға?
Бізге afd@aifc.kz. поштасы арқылы хабарласыңыз.
Қай сессиялар «жабық», «онлайн» және «оффлайн» болады?
Кейбір жекелеген жағдайларды қоспағанда, сессиялардың көпшілігі конференцияның барлық қатысушылары үшін ашық. Сессия форматы іс-шара бағдарламасында көрсетілген.