Astana Finance Days 2023: қаржы нарығының алғы шебінде
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) ағымдағы жылдың 7 маусымында АХҚО-да офлайн форматта «Astana Finance Days 2023» (AFD) конференциясы өтетіні туралы хабарлайды. AFD – бұл Еуразия өңірінің жыл сайынғы қаржы конференциясы, ол 2018 жылдан бастап мемлекеттік органдардың өкілдеріне, қаржы саласының сарапшыларына, инвесторлар мен бизнес басшыларына арналған платформа ретінде қызмет етеді, оның аясында қаржы саласының қазіргі заманғы проблемалары, үрдістері мен мүмкіндіктері талқыланады.
AFD бағдарламасы бес тақырыптық бағыттан тұрады, олар:
- «АХҚО өнімдері» – активтерді басқаруды, қорларды басқаруды, инвестициялық резиденттікті, ислам қаржысын және т.б. қоса алғанда, АХҚО ұсынатын қаржылық өнімдер мен қызметтерге арналған;
- «Юрисдикция және реттеу» – АХҚО юрисдикциясын практикалық қолдану, оның өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі, АХҚО қаржы экожүйесінің тұтастығын қорғау тәсілдері, тәуекелдер мен қағидалар, сондай-ақ криптовалюта және талаптарға сай келу мәселелері қаралады;
- «Инновациялар және саланың әлеуеті» – финтех, цифрлық активтер, венчурлық капитал және адами капиталды дамытудың соңғы үрдістері сияқты қаржы индустриясының инновациялары мен үрдістеріне арналған;
- «Жасыл өсу» – төмен көміртекті даму және «жасыл» экономиканың өсуі үшін орнықты қаржыландырудың жаңа құралдары, сондай-ақ ESG мен көміртекті қаржыландыру тетіктерін, төмен көміртекті әлеуметтік дамуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету үшін қажетті басқа да шараларды ашудың маңыздылығы қарастырылады;
- «Капитал нарықтары» – бұл бағыт аясында Қазақстанның макроэкономикалық перспективалары мен инвестициялық мүмкіндіктері, экономикалық тұрақтылықты қолдау және инфляциялық қысымды төмендету жөніндегі саяси шаралар, алдағы IPO-лар және эмитенттер бизнесінің ағымдағы жай-күйі жария етілетін болады.
Оған қоса, Астана халықаралық форумы аясында АХҚО-ның бірқатар негізгі сессиялары өтеді:
- Қаржы нарығының алдыңғы қатарында: инновациялар мен тұрақтылық;
- Орта дәліз: Еуразиядағы өзара байланысты нығайту;
- Көміртегі бейтараптығы контексіндегі жаңартылатын энергия көздері және көміртегі нарығының дамуы.
Қаржы саласының сарапшыларын, мемлекеттік қызметкерлерді, инвесторларды және бизнес көшбасшыларды инвестициялық мүмкіндіктерді зерттеу, өңірдегі соңғы қаржылық үрдістер мен оқиғалар туралы ақпарат алмасу үшін AFD 2023-ке қатысуға шақырамыз.
AFD 2023 жөніндегі сұрақтар бойынша [email protected] электрондық поштасына хабарласыңыз.