Astana Finance Days 2021 туралы

Astana Finance Days (AFD) - бұл "Астана" халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы.

2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам тіркелген қатысушы қатысты.

2021 жылғы 1-3 шілдеде «Астана» халықаралық қаржы орталығы IV жыл сайынғы «Astana Finance Days» (бұдан әрі – AFD) конференциясын өткізеді. Біз дағдарыспен күресу және тұрақты әрі инклюзивті өсуді қамтамасыз ету шараларын талқылаймыз.

АХҚО-ның негізгі мүдделі тараптары мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан кейінгі қалыпқа келу кезінде көмектесетін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады. Astana Finance Days аясында біз күйреп бара жатқан әлемнің дамушы нарықтарға төндіретін проблемаларын зерделеп, жаңа шешімдер мен құралдар туралы ой қозғаймыз, сондай-ақ табысты мысалдар мен құнды құралдармен бөлісеміз.

AFD өсуді қалпына келтіруге арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шараларды қамтиды:

  • Қаржы технологиялары саммиті: Visa сессиялары; Mastercard сессиялары; Fin & Tech

  • Жасыл өсу форумы

  • Макроэкономикалық форум

  • Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы

  • Білім беру технологиялары форумы

  • АХҚО құқықтық конференциясы

  • Business Connect Forum

  • АХҚО мен Ислам қаржы қызметтері жөніндегі кеңестің (IFSB) ислам капитал нарық жөніндегі бірлескен семинары

AFD спикерлері мен қатысушыларының қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.